СИОНИЗМ

lat: SIONIZM

еврейлік ұлттық қозғалыс идеологиясы, өзінің мақсаты ретінде еврейлерді Палестинаға (Израиль) иммиграциялауға ықпал ету және еврейлік өзіндік сана мен мәдениетті жаңғырту. Алғаш сионизм қағидасы XIX ғ. аяғында Т.Герцель еңбегінде көрініс тапқан. Осы доктрина 1897 ж. Базельде өткен I Халықаралық сионистік конгресс қабылдаған Бүкіләлемдік сионистік қозғалыс бағдарламасының негізін құрады. Саяси сионизм идеяларын жүзеге асыру 1948 ж. Израиль мемлекетін күрудан көрініс тапты.