Сипатта етістігінің қимыл атауы; бейнелеп көрсету, суреттеу. «Ә, Жигаров!» – деп ойланып, көзін сәл жұмып, Хасеннің с и п а т т а у ы бойынша Жигаровтың портретін жасап отыр ақын қиялы (Д.Әбілов, Арман.). Сұрайды кейде достарым Жарыңның жаз деп сипатын. Ондайға құлақ тоспадым, С и п а т т а у емес сырқатым (К.Салықов, Жезкиік). Жанып тұрған жас өмір – алқызыл гүл, С и п а т т а у ғ а қызығын жетпейді тіл. Жауқазын желбіреген – жастық шағың, Өмірдің мағынасын түсіне біл. Е-ей, өтеді-ай жалған-ай, шіркін, Арманменен! (Ә.Найманбаев, Шығ.).