с ы н. 1. Сиқыры бар, сиқырланған. Мойнына аяусызда алды салып, Қылғынтты күшті қолмен тартып қалып. С и қ ы р л ы шынжырменен шырмалған соң, Есінен қапияда қалды танып (Т.Ізтілеуов, Рүстем.). С и қ ы р л ы жан шырағым... Қасиетті тәтті алдау, Айныды да жоғалды-ау... Сақта мені тұмарым (І.Жансүгіров, Өлеңд.). Ынтамен тыңдайды ақын теңіз үнін, С и қ ы р л ы ұғынғандай теңіз тілін. Нотамен күрес күйін ойнағандай, Ұқпай ма зерек ақын теңіз сырын (Ә.Сәрсенбаев, Өлеңд.). 2. а у ы с. Жұмбақ сырлы, құпиялы. Қол жетпейтін, көз жетпейтін, ақыл жетпейтін биіктегі, аспандағы с и қ ы р л ы әлем тәрізді көрінді (С.Сейфуллин, Шығ.). Әлемде біздің қазақ қауымы білмейтін с и қ ы р л ы сырлар толып жатыр (Ш.Хұсайынов, Үкілі Ыбырай). Ақтан беліне арқан байлап, с и қ ы р л ы шатқалға сан рет түспекке оқталды (О.Бөкеев, Мұзтау). 3. а у ы с. Ғажайып, ерекше әсерлі. Бота көз, с и қ ы р л ы сөз, Гүлсім жаным, Әр жерде өткізсек те өмір таңын, Кей уақыт көзіңізге көзім түссе, ойнайды аласұрып неге жаным?! (М.Жұмабаев, Шығ.). Жанынан бұрқылдаған күй тынбастан, Қара Жер қасиетті ұйқымды ашқан, Мен сенің босағаңнан ұзап барам, Суырып қырманымды с и қ ы р л ы аспан (Т.Айбергенов, Мен саған.).