lat: SIRAT
(ар. сират صراط)
1. Жол, бағыт.
Екен деп жақсы сират оған бақпа, Еріп көрінгенге судай ақпа («Қисса Ләйлі – Мәжнүн». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).
2. Діни ұғым бойынша, күнәһарлар мен күнәсіздерді ажыратып, сынақтан өткізетін о дүниедегі қыл көпір.
Алдында құрылып тұр сират көпір, Неше адамды қуып жүр опыр-топыр («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).
Сират деген көпірді өткеніңше, Тәуекел жақсы-жаман баршаңызға («Қисса Жұмжұма». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).
Сиратқа айдап барғанда, Көп үмбетің не болар («Қисса Анхазірет Расулдың Миғражға қонақ болғаны». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).
Үш жерде үмбетіңді сақтайын да: Қабірде, қияметте һәм сираттан («Миғраж» дастаны». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).