СИРЕК

lat: SIREK

с ы н. 1. Жиі емес, селдір. Жәлел бақыр басты келген, мұрны кішкене, ұсақ тістері с и р е к, қалмақ бетті бала (М.Әуезов, Шығ.). Қаланың орта шенінде жүнделген түйедей боп, жапырағынан айырылып арсиған с и р е к ағаш (Б.Майлин, Шығ.). 2. ілуде бір, аз. Бұл жерде төрт қабат үйлер дегенің тым с и р е к кездеседі (Ә.Шәріпов, Алыс жаға.). Әртүрлі сыналатын жер болмаса, Достықты, жақындықты шын-ақ дер ем. Жап-жақын жайшылықта көп досжарды. Мен неге жамандықта с и р е к көрем? (А.Байтұрсынов, Шығ.). Міне, осылардың теріс істерін, жаман мінездерін айтсаң мойындаушы мыңнан біреу, с и р е к табылады (М.Дулатов, Шығ.). «Ел» дейтін адал басшы әзір с и р е к Көпшілігі табансыз, қорқақ, күйрек. Ел үшін құрбанға шалса разы, Кім бар еді, ту ұстаған елін сүйреп? (С.Торайғыров, Шығ.).