СИСТЕМАЛЫ

lat: SISTEMALY

сын. 1. Бір жүйеге құрылған, тиянақты, сатылы.

Оқушыға системалы білім беру үшін қосымша әдебиеттерді пайдаланған жөн («Қазақст. мект.»).

2. Белгілі бір системаға тән, арнаулы стандартпен шығарылған.

Клаус столының тартпасын ашып, оның түкпірінен «Вальтер» системалы, пистолет алып шықты (Қ.Исабаев, Жолдас.).

Арал кеме жөндеу мастерскойы үшін «Парсенс» системалы екі экскаватор қарауды бұйырамын (Д.Айдаров, Дәуір.).