[лат. sculptura] з а т. Әртүрлі заттарды (балшық, балауыз, тас, металл, ағаш) кесу, ою, жабыстыру арқылы жасалған сәулет өнері. Архитектура, сұлу сурет (живопись), с к у л ь п т у р а сықылды пластика искусствосы адамның көру сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады (М.Жұмабаев, Шығ.). Менің есіме жаңа Бразилия қаласындағы «Махаббат» деп аталатын шойын с к у л ь п т у р а түсті (Ә.Тарази, Құйрықты.). С к у л ь п т у р а көрушіні бірден баурап алады (С.Хайдаров, Азамат.).