СКАЛЬПЕЛЬ

lat: SKALPEL

[лат. scalpellum] з а т. м е д. Тұтас металдан жасалған, ұзындығы 12–15 см хирургиялық пышақ. С к а л ь п е л ь еденге соғылып, сыңғыр етті (Смаров, Дала қызы). Бұдан былай өте күрделі операциялар кезінде хирургтар с к а л ь п е л ь д і ң орнына лазер сәулесін пайдаланатын болады («Білім және еңбек»).