СКАНЕР

lat: SKANER

[ағыл. scanner] з а т. и н ф. 1. Компьютердің жадына бейнені енгізіп, құжаттан шағылған сәулені қабылдап, олардан цифрлы сигналдар құрастыратын, суреттерді, мәтінді, фотографияны оптикалық түрде оқи алатын құрылғы. С к а н е р қабылданған бейнелерді компьютерлік өңдеуге жарамды графикалық пішімге түрлендіреді (Қаз. тілі термин. Информатика.). С к а н е р мәтіндік және графиктік ақпаратты екі өлшемді ақ-қара немесе түрлі түсті растрлық матрица түрінде компьютерге енгізу құрылғысы (Қаз. тілі термин. Информатика.). 2. Лексикалық талдауыш (Қаз. тілі термин. Информатика.).