СКРИПКА

lat: SKRIPKA

з а т. м у з. <итал. violino> Ысқышпен ысып ойналатын төрт ішекті музыкалық аспап. Ертеңгілікте оның терезесінің ашық көзінен с к р и п к а үні құлаққа шалынды (Б.Тәжібаев, Қара торғай). Эстрада оркестрінен жіберілген екі кларнет пен с к р и п к а сарнап қоя берді сол мезет (Р.Әбутәліпов, Қыр. әңгім.). Домбыра, с к р и п к а, сыбызғы үні, Құлаштап көлде жүзіп «Абай» жыры. Кернеген палубаны теңселдіріп, Гармонның басылады алуан тілі (Ж.Сыздықов, Белестер).