СКВАЖИНА

lat: SKVAJINA

з а т. г е о л. Ұңғыма (жерден су, мұнай т.б. сұйық зат шығару үшін бұрғыланып тесілген, әрі терең, әрі тар тесік). Балқаш бұл жерге келгенде, мұнда тек бұрғыланған минералды судың с к в а ж и н а с ы ғана бар еді (Б.Қыдырбекұлы, Мазда.). Қопару с к в а ж и н а л а р станоктармен бұрғыланады. Оларды қирату қуатының әсер ету сипатына қарай: механикалық әсер ету, термиялық әсер ету және құрама әсер ету станоктары деп үш класқа бөлуге болады (Т.Қалыбеков, Экология.). Бұрғылаудың қазіргі қолданылып жүрген әдістері бойынша осындай бір с к в а ж и н а н ы бұрғылауға 10 жылдан астам уақыт кетеді (К.Сапарбайұлы, Геология.).