СЛЕСАРЬ

lat: SLESAR

з а т. Темірден жасалған нәрселерді дәнекерлеуші жұмысшы маман. С л е с а р ь ғ а іс көп: бірін жалғау, бірін жөндеу, бірін жаңадан орнату керек (Т.Нұртазин, Адам.). Нияз с л е с а р ь ұсталық мастерскойының бір цехында істейтін болды (С.Сейфуллин, Әңгім. повес.). Кейін Донбастан келген инженерлердің көмегімен с л е с а р ь болдым (Ғ.Мұстафин, Шығ.).