с ы н. Кейінгі, ақырғы. Абай с о ң ғ ы күндерде, әсіресе, осы соңғы түнде, өзінде дағдылы болмаған бір халде (М.Әуезов, Абай жолы). Жеті айда жоғалса да талай іздер, Есімнен неге шықсын с о ң ғ ы сөздер? Күндіз-түн жатсам-тұрсам көз алдымда Улаған жүрегімді қара көздер (М.Жұмабаев, Шығ.). «Айқаптың» с о ң ғ ы шыққан 2-нші нөмірінде: «Қазаққа культура кіргіземіз, қазақты ағартып тура жолға бастаймыз» деп ашылған «Қазақ» газетінің әзірге пайдасы ілгері басуға бөгет болып, жұрттың бүліншілігіне көп себеп болып тұрған Степное положениені қолдаушыларға тиіп тұр (М.Дулатов, Шығ.).