иран тілдерінің солтүстік-шығыс тіліне кіретін өлі тіл. Көне соғды (Согдиана), Зеравшан өзенінің тарихи аймағында (орталық Самарқант) болған. «Соғды» топонимі иран тілінде жазылған «Авеста» ескерткішінде кездеседі. VІІІ–ІХғғ. қытай жылнамалары Соғды еліне Қашқандария, Шаш (Ташкент), Жетісу жерлерін кіргізеді. Кейін бұл тілді парсы және түркі тілдері ығыстырған деген болжам бар. Соғды жазуы өз бастауын арамей жазуынан алады. Ең көне соғдылар тілінің жазулары ІІ-ІV ғғ. жатады.