СОҒДЫЛЫҚТАР

lat: SOǴDYLYQTAR

з а т. т а р. Қазіргі Тәжікстан мен Өзбекстан Республикаларының аймағындағы Зеравшан мен Қашқадария өзендерінің алабын мекен еткен халық. С о ғ д ы л ы қ т а р парсы патшаларына күмістен салық төлеп, қымбат бағалы тастар жеткізіп тұрды, ірі әскери күштер берді (ҚҰЭ).