е с і м. с ө й л. Сол. Екі жұтым, үш жұтым, Көзін ашып қарады, С о тұрған әмбе халайық, Қызды Үрге балады (Дастандар.). – Сенің үлкен боп, ес білгенің с о ма? (М.Әуезов, Шығ.). Күтетін әрқашан да бақытты алдан, С о бір жан арманы жоқ, бақытты адам. Осы бір жауап сөзі Мұқаң айтқан Жадымда жақсы әуендей жатып қалған (С.Мәуленов, Алыс кет.). Білмедің бірақ сен де оны, Ол жәйді ешкім білмеген, С о бойда тентек жел қолы Жасыра салған құмменен (C.Жиенбаев, Алтын қалам).