ет. 1 . Өсімдіктің өсуін тоқтатып, қурай бастауы . Қыршындай солған , қызғалдақ гүлге бүр жарған, Қурайлар сыңсып, жоқтау сап құла қырлардан. Азалы бір үн, бірде мұң-қайғы, бірде арман, Азалы үннің астында жатыр бұл жалған (1,254). Жер ылғалын, күн нұрын көріп толып, Бал араға бар нәрін беріп болып, Күннен күнге дерт жеңген нәрестедей, Гүл сарғайып барады семіп, солып (3,177). 2 . ауыс. Жадап-жүдеу, сему, қуару . Біздер жеңдік: анамыз ақтай солды , Мамық төсек қайғыдан тақтай болды. Майдансыз біз шайнаған бір түйір нан, Кеудемізде қадалған оқтай болды! (2,55). Ойында не жоқ, не бары, Ақжанның жүрді ішінде. Бозарып, солып ажары, Мұң тұрды мұңды пішінде (2,323).