ү с т. 1. Солай, сол тәрізді, сондай етіп. Солардың бәрін жаратқанда көңілдерін с о л а й ш а ынтықтандырып қойғандығы һәм мұның бәрі жақсы көргендігінен екенін білдірмей ме? (Абай, Тол. жин.). Бірақ мұндағыларды с о л а й ш а аламыз десек, яки солай алсақ та, анау Қарақолға әкеткендер онымен босамайды (М.Әуезов, Қилы заман). 2. Осылайша, осындай қылып. С о л а й ш а бір солғындау жүрген кезімде көңілді шайдай ашқан бір жай болды (Ж.Жұмақанов, Екі жол). С о л а й ш а ханым кеткен, халық қалған, Қазақпын, қайран жерін алып қалған. Ездікке ел намысын қимағаннан, Әлгі бір ерлік аңыз қалып қалған (Ж.Молдағалиев, Жиырма бес).