СОЛЬФЕДЖИО

lat: SOLFEDJIO

[итал. solfeggio] з а т. м у з. 1. Музыкалық есту қабілетін арттыру, дамыту үшін өтілетін пән. С о л ь ф е д ж и о мен музыкалық сауаттылық жөнінде жүйелі сабақ өткізуге уақыт болмадыазақст. хор әні). 2. Фортепьяноның сүйемелдеуімен орындалатын дауысты дыбыстарға құрылған ән жаттығуы, вокалис. Бір немесе көп дауысты ән үзінділері мен дыбыс атауына құрылған арнайы музыкалық жаттығулар, есту қабілеті бойынша музыкалық талдаулар жасау, музыкалық диктант жазу с о л ь ф е д ж и о жаттығулары топтамасын құрайды (ҚҰЭ). 3. Әннің нотасын оқу, айту, әндету ісі. Қатысушылардың ноталық сауатына және с о л ь ф е д ж и о н ы қалай білетіндіктеріне қарамай-ақ, бірден нотамен үйренуді жүргізу керек (Хормен жұмыс.).