СОЛЬФЕДЖИО

lat: SOLFEDJIO

зат. муз. 1. Музыкалық есту қабілетін арттыру, дамыту үшін өтілетін пән.

Солъфеджио мен музыкалық, сауаттылық жөнінде жүйелі сабақ өткізуге уақыт болмады (Қазақст. хор әні).

2. Әннің нотасын оқу, айту, әндету ісі.

Қатысушылардың ноталық сауатына және солъфеджионы қалай білетіндіктеріне қарамай-ақ, бірден нотамен үйренуді жүргізу керек (Хормен жұмыс.).