[лат. solidus – тығыз, oleum – май] з а т. Мәшине, трактор тетіктерін, арбаның дөңгелегін майлайтын қоңыр түсті қоймалжың май. Дәл қасында арқасын екі с о л и д о л бөшкесіне тіреп Зарапқан отыр (X.Рахимов, Қызғалдақ). Бұл кезде қолына с о л и д о л салынған қалбырды ұстаған Жұмабек арбаның доңғалақтарының білігіне май жаққан (Ә.Әлішев, Батыр.). Арбаны трактористердің біреуіне айтып еді, с о л и д о л м е н майлап берді (С.Бердіқұлов, Аспан.).