СОЛИДОЛ

lat: SOLIDOL

зат. Машина, трактор тетіктерін, арбаның дөңгелегін майлайтын қоңыр түсті қоймалжың май.

Дәл қасында арқасын екі солидол бөшкесіне тіреп Зарапкан отыр (X.Рахимов, Қызғалдақ).

Бұл кезде қолына солидол салынған қалбырды ұстаған Жұмабек арбаның доңғалақтарының білігіне май жаққан (Ә.Әлішев, Батыр.).

Арбаны трактористердің біреуіне айтып еді, солидолмен майлап берді (С.Бердіқұлов, Аспан.).