з а т. г е о г р. Оңтүстікке қарсы жақ, терістік. С о л т ү с т і к т е н соққан суық қара жел бет қаратар емес (Б.Момышұлы, Москва.). Айналған ауыл үстін тырна құсап, Бір айналып Алматы астананы, Бағытын с о л т ү с т і к к е түзеп алды. Соқамен трактордың айдауындай, Көшелер тарам-тарам бола қалды (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Көңілімнің сыбырлап көк құрағы, Аққуы ұшқан ақ айдын көп тұнады. С о л т ү с т і к к е жылы ағыс жетті ме екен?! Бір жылы ағыс сен жақтан бетке ұрады, Бетім тосқым мен оған кеп тұрады (М.Мақатаев, Шығ.). Өмірің бүкіл қазақ өміріндей, Бітіксің Қостанайдың егініндей. С о л т ү с т і к аспанынан бұлттар ауып, Күн көзі жарқылдады көңіліңдей (С. Мәуленов, Алыс кет.).