СОНА

lat: SONA

зат. зоол. Жан-жануарлардың қанын соратын қанатты жәндік . Қарабас шалғын сылаңдап, Сыйпаса жалын, бауырын. Шапқыншы сона жүр аунап, Майдан қып аттың сауырын (2,310). Дәл осылай сорлы иттер талма түсте бас ұрып, Шыр айналған шыбын, сона, бүргелерден ашынып, Табанымен, аузымен қорғанатын қасынып (5,80).