з а т. Жануарларды шағатын қос қанатты қан сорғыштардың ішіндегі ең ірісі. Күн шыжыған ыстық, қалың талдың іші қаптаған маса мен с о н а (М.Гумеров, Шыңырау). Машинадан түсіп, оның тамақ бауын байлап жатқан да, с о н а д а н қорынып тыпыршыған ішкі ат делбені аяғына тағы шалып алды (Б.Соқпақбаев, Қайда. Гауһар). Омырауы ақ көбікке малынған күрең бие сауыры мен қабырғасына маза бермеген көк бас с о н а д а н әбден мезі болса керек (Бәйшешек).