[лат. sonare] з а т. м у з. Бірнеше бөлімнен құралған, темпі, ырғағы күрделі музыкалық шығарма. Дюрер үш жасында өз портретін салған, жеті жасар Моцарт төрт с о н а т а жазып үлгірген (Қ.Жарықбаев, Психология). Композитор с о н а т а, поэма сияқты музыканың күрделі жанрларына да қалам тартып жүр («Қаз. әдеб.»). С о н а т а ол бір өлмейтін, Әсем сазбен рең берді, Нотада әрбір келісім, Пәк сезіммен үндескен, Самғатып ойдың өрісін, Қиямен шексіз сыр кешкен («Лен. жас»).