с ы н. Сол сияқты, сол тәрізді. Іздеп барғанымыз с о н д а й адамдар болғандықтан, біз оның көңілін жықпай үйіне қарай бұрылдық (С.Мәуленов, Жер нәрі). С о н д а й бір күннің бірінде Жағаға келіп жаттым да, Саусағым басы дірілдеп, Атыңды жаздым ақ құмға (C.Жиенбаев, Алтын қалам). Ақынның елі с о н д а й деп, Үлгісі жақсы қандай деп, Болыңдар елге өнеге. Елі-жұртым сізге айтам, Бірлікті бол, шырақтар (Қабан жырау, Алтын қазық). // Соншалықты кереметтей, соншама. Январьдің шыныдай таза ауасында дем алу с о н д а й жылы (X.Әбішев, Аспан сыры). Мана түн ішінде Мәукілдің келісіне таңырқаса да, өзінің кеңседе отырғанына с о н д а й көтеріліп, өзіне-өзі разы болып қалды (С.Бегалин, Уақыт.). Күмістей ақ қанатты бұл самолет, Балхашпенен аспанда шағылысты. Кемелер бірі – көкте, бірі – суда Екеуінің достығы с о н д а й күшті (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).