СОНДЫҚТАН

lat: SONDYQTAN

ш ы л. Сол себепті, сол үшін, солай болғандықтан. Қараша ауылында мұндай киімдер тек жиын-тойда ғана киіледі, с о н д ы қ т а н тозуды білмейді (Сыңжасарова, Қыр қыз.). Аңдысып тұрған көзіңнің Қарасы менен ағындай. Мен сендерді көрмесем, Қалайынша с о н д ы қ т а н Шыдайын, жұртым сағынбай! (Базар жырау, Шығ.). Шырқаған топта Ерекең, Барады алдыңғы қатарда, С о н д ы қ т а н ісі жыр екен, Шетелде де, Отанда (С.Мұқанов, Замандас.).