е т. 1. Ұру, періп жіберу (адамды). Өлтіре с о қ фашисті, ұр желкеден, Ғасырлар мен жылдардың салмағымен. Өртенген үй, қираған атамекен, Қан мен жастың кегі үшін аянба сен! (Қ.Аманжолов, Шығ.). Есігіңнің алдына ұрмай, с о қ п а й келтірген, (Арманың бар ма құдайға) мынау Махамбет сынды «жетімді-ай!» (Махамбет, Өлеңд.). – Ойлама, – деді, – Күңді, сен – мал, күңсің, Сөксем де, с о қ с а м -д а ғ ы шыда, көн сен. Шыдамасаң, қарсы «ләм» деуші болма, Тұншығып көз жасыңа көміл өл сен! (М.Жұмабаев, Шығ.). 2. Аттың сауырына қамшы басу. Хизулла атының сауырына құлаштап бір с о қ т ы д а, шаба жөнелді (Қ.Нәжми, Көктем.). 3. Тықылдату, тарсылдату, қағу. Есікті ақырын ғана біреу с о қ т ы (З.Шашкин, Ұядан ұш.). Айқай қайта шықты. Артынша терезені темір сияқты қатты нәрсемен с о қ т ы (С.Бақбергенов, Кентау). Бай: «Ер», – деді артынан ере берді, Бай шіркеуден үйіне тым кеш келді. Қақпа с о қ т ы, қатты жел дүрілдеп тұр, Танымай ырылдасып иттер үрді (Абай, Тол. жин.). 4. Бір жерге жол-жөнекей бару, аялдау, кідіру. Бұл сапарда біз баяғы замандағы көне Индияның мықты порты болған бір жайға с о қ т ы қ (М.Әуезов, Индия очерк.). Жолдас болып жақында Бір пәле болды басыма. Ақ үйге с о қ п а й келесің Сені Құдай алсын да (Майлықожа, Нақыл). Ауылға с о қ п а й ы н деп Киселев аттанар жағына қисая жүрді. Бір мезгілде қарсы алдынан сайдан үш адам шыға келді (М.Жұмабаев, Шығ.). Бірінші класс, ыстықсың маған оттай, Данышпанда кеткен жоқ саған с о қ п а й. Ақындар да кеткен жоқ саған соқпай, Батырлар да кеткен жоқ саған соқпай (С.Мәуленов, Таңд. өлеңд.). 5. Металдан әртүрлі бұйым, құралдар жасау. Зергер барсаң қасында, Алтыннан с о қ қ а н түйме бар Түймені көр де басым көр (Ер Тарғын). Қыздар тағар қос қалта, ішке жағар ақ малта, Аш беліне қаптырды Болаттан с о қ қ а н ай балта (Қамбар батыр). Озарына келгенде, Түрікпен с о қ қ а н мылтықтың – Толқыған шойын оғындай, Қарадан шығып жоғалған. Қызметіңді шегейін Қаумалаған қарындас, Кеңестің арзан келуі – Пайда болған самалдан (Базар жырау, Шығ.). Тетігін тауып темір с о қ, Қысқаш пенен балға бар. Өнеріңе үйлесіп, Темірсіз болмас, таңдап ал (Дулат Бабатайұлы, Замана.). Жаққан көмір, с о қ қ а н темір көп болса, бұл жұрт шебер, жұрт байлығы белгісі (Ә.Бөкейханов, Шығ.). 6. Үлкен ғимарат, үй т.б. құрылыстар тұрғызу, салу. Сол бетпен Жапар қолы кете берді. Бөгеттен нелер қиын өте берді. Табиғат өзі с о қ қ а н бір қамалға Күні-түні суыт жүріп, төте келді (С.Мұқанов, Шыңнан шыңға). Қызыл кірпіштен с о қ қ а н қалың қабырға құм астынан бір құлаштай суырылып шыққан (Т.Ахтанов, Махаббат мұңы). Түбінде болмасын деп өкінішті, Жау солай с о қ т ы берік бекіністі. Күндіз-түн бейне жынның ойна- ғындай, Айналды ақ тақырға дөңнің үсті (О.Ши- пин, Дастан.). Ұқтырып ұрпақтарға Абай тілін, Өткізген тебіреніп талай түнін. С о қ қ а н д а алыптардың мұнарасын, Осылай шебер қолдар қалайтұғын (С.Мәуленов, Алыс кет.). 7. Жүрек, тамыр сөздерімен тіркесіп келіп, жұмыс істеу, қозғалу деген мағына береді. Махаббатпен қарап бақ, Тамыр с о қ с а солқылдап. Мен жазайын сізге хат, Оқып көрсін ол шындап (Абай, Шығ.). Рахмет баланың шеке тамырын ұстап көрсе бүлкілдеп с о ғ ы п жатыр (С.Мұқанов, Таңд. шығ.). Сөзім жоқ дәл осылай болуында, Бар қайғы қалың дертім менің мұнда. Көңілдің баяғыдай мінезі жоқ, С о ғ а д ы жүрек зорға, келші, тыңда (М.Жұмабаев, Шығ.). С о қ п а сорлы жүрегім, Шірікенді, ақ білегім! Мынау қарға, құзғынның Бердің-ау, Тәңірім, тілегін! (М.Жұмабаев, Шығ.). 8. Жел, дауыл, боран, құйын сөздерімен тіркесіп келіп, ұйтқу, үрлеу, гуілдеу деген мағына береді. Үстінде ұзын жолдың қалашылар (Күн бар ма кедей сордың бағы ашылар). Тоқтаусыз күні-түні с о қ қ а н боран, Біразын қалған басып қазасы бар (М.Дулатов, Шығ.). Күн суық, қатты аяз, шыдар емес, Қар борап с о қ қ а н желмен қылып егес. Кедейлер үсіп-тоңып дір қалтырар, Жылы үйде байлар жатар, уайым жемес (М.Жұмабаев, Шығ.). Сая жаным, Балапаным, С о қ с ы н дауыл, жел, Болма алаң, Сүйген анаң Сақтар, анық біл (М.Жұмабаев, Шығ.). Құйын с о қ т ы, бәйтерек мың жайқалды, Терең теңіз шарасы шын шайқалды. Момын қазақ Нарыққа тез кірісер, Жанталастың белгісі бір байқалды (К.Салықов, Жезкиік). 9. Ток, найзағай сөздерімен тіркесіп келіп өлтіру, зақымдау мағынасын береді. Абайсызда электр тогы с о қ қ а н адам бірден өліп кетеді (А.Абсаттаров, Дәрігер.). Робертке «мен жындыханаға түсіппін», – деген ой найзағай с о қ қ а н д а й әсер етті (Т.Әбдіков, Ақиқат). Денем ток с о қ қ а н д а й дір ете қалды (Т.Сүлейменов, Жұлдыз адамы). 10. Қоңырау, дабыл сөздерімен тіркесіп келіп, қағу, ұру мағынасын білдіреді. «Егер Маха Ганди қоңырауын үш дүркін с о қ с а қ, ойлаған үш түрлі мақсатың орындалып, мұратына жетесің», деген аңыз бар (Ә.Шәріпов, Алыс.). Ол көмекшісін шақырып, қоңырау с о қ т ы (М.Әбдіхалықов, Қара тасқын). Жерде отырған үйректі ала алмайды, Дабыл с о қ с а ң ол ұшпай қала алмайды. Қаршыға қаз-үйректі іліп түссе, Құс бегі шапшаңырақ қадамдайды (М.Әшірбеков, Белестер). 11. Ат, мәшине сияқты сөздермен тіркесіп келіп шаршау, қалжырау, болдыру мағынасын білдіреді. Ат с о ғ ы п шаршағандікі ме, мен қатты ұйықтап кетіппін (Б.Тұрсынбаев, Айнымас.). Түні бойы машина с о ғ ы п тастаған денесін апыл-ғұпыл жиып, кабинаға сүйеніп үңіле түсті (Д.Рамаданов, Тас түлек). 12. Әкеліп, апарып, келіп т.б. сөздермен тіркесіп келіп, тірелу, әкелу мағынасын білдіреді. Кейде өрге, кейде жерге тартқан көңіл, Білмеймін қайда апарып с о ғ а р ы н да (Ғ.Мүсірепов, Шығ.). Жарқын Махамбетке: – Орынсыз асығудың неге әкеп с о қ қ а н ы н өзің көрдің ғой, – деді (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен). Эгей теңізінің европалық және азиялық жағалауын мекендеген халықтардың алауыздығы Троя соғысына әкеліп с о қ т ы (Н.Баяндин, Геогр. ашу.). 13. а у ы с. Тамақт ашқарақтана жеу, қомағайлана асау. Бізде «бес» ала алатындар да бар, Ән сала алатындар да бар, Төл баға алатындар да бар, Нан с о ғ а алатындар да бар (Қ.Баянбаев, Қолшатыр). Салду дастарқаннан әлі бас көтерген жоқ, нан мен пиязды с о ғ ы п отырды (Б.Аманшин, Көкжар). Сүйірлеңкіреу етіп тураған үйіткен қой-дың етін, әлгі сарыалаға қоса асап, с о ғ ы п жатырмыз (Қ.Жұмалиев, Жайсаң жан.). 14. а у ы с. Әңгіме айту, зуылдату; көйіту. Еріккендердің жұмыс істеп жатқан адамның жанына жиналып, әңгіме с о ғ а т ы н әдеті бар (Б.Майлин, Шығ.). Сол уақытта ақын Кермани қатты қуанған бала сықылданып, мынау өлеңді с о ғ ы п жіберді (М.Жұмабаев, Шығ.). Бір сөзімен ханның бетін қайтарған, Алдын болжап, айқын кө-ріп айта алған. Төрт аяғы бірдей жорға тайпалған, Мақалдарды матап с о қ қ а н майталман (С.Мәуленов, Алыс кет.). 9. а у ы с. Көңіл қалдыру, ренжіту. Талақ етіп бұл ғаламды Болды мәлім кеткенің Кінәсі жоқ жас адамды Қатты с о қ қ а н не еткенің (Абай, Тол. жин.).