з а т. 1. Екі көздің көру қабілетінің мүлдем жойылуы, адамның жарық пен қараңғыны ажырата алмауы. Соқыр жігіт алдындағы дабыр-тықыр таянған сайын, с о қ ы р л ы ғ ы н сездіргісі келмегендей, басын көтере еркін аттады (А.Лекеров, Түз гүлі). С о қ ы р л ы ғ ы н ескермейміз мәңгілік, Гомер қартты сөз еткенде құрметпен. Өйткені оның өр даусы жаңғырып, Жиырмасыншы ғасырды да тербеткен (Т.Қажыбаев, Жол басы). Екі көзім түн болды, Жарық дүние көре алмай, Шалқып та бір жүре алмай, С о қ ы р л ы қ ауыр іс еді (Пернедегі терме.). 2. а у ы с. Надандық, топастық. Ағатай, сіздің қимай келгеніңіз, Сол шалдың азын-аулақ қарасы ғой. Кім өліп, кімнің малын, кім малданад. Ол үміт с о қ ы р л ы қ т ы ң сазасы ғой (Ж.Аймауытов, Шығ.). Мал үшін, біреудің білместігі, жаңсақ ісі, с о қ ы р л ы ғ ы үшін адам өлтіріп, қан ішуге бола ма екен (Б.Тілегенов, Аққайнар). – Міне, діни с о қ ы р л ы қ деген осы балам, жастардың оқып, білім алуы қажет, – дейді әкесі («Қазақст. мект.»).