СОРҒЫ

lat: SORǴY

е т. 1. Суы азайып құрғай бастау, дегду, кебіңкіреу. Ақыр бос отырсыңдар, қырман с о р ғ ы ғ а н ш а мен сендерге бір әңгіме айтып берейін (М.Мағауин, Бір ата.). Бұл қопарылған гидромассаның біраз уақыт жатқаннан кейін суы с о р ғ ы п, шымтезектің өзі қалады (Ж.Жатқанбаев, Су.). Суы с о р ғ ы с ы н, дем алсын, жануар, деді Сәду (Т.Дәуренбеков, Кездес.). 2. с ө й л. Ағу, сорғалау, құлдилау. Садақ тарта білем, төменіректегі жұлдыз с о р ғ ы п ағып түсті (Д.Досжанов, Жібек.). Қыран кенет төмен қарай с о р ғ ы д ы. С о р ғ ы ғ а н бетте тазыны төспен қағып өтті (Ж.Аяшев, Алақан).