қоғамдық қайырымдылық қоры. Қор негізі 1993 ж. қаланған. Сол жылдары басты офисі Нью-Иоркте орналасқан Ашық қоғам институты тарапынан Қазақстанның 183 ғалымына өз зерттеулерін жүргізу үшін қаржылай көмек көрсеткен. 1995 ж. ҚР Әділет Министрлігінде тіркелген. «Сорос-Қазақстан» қорының ең жоғарғы органы құрылтайшылар кеңесі болып табылады. Қордың жалпы қызметін бақылау және жұмыс бағытын, ішкі тәртіпті белгілеу міндеті бақылау кеңесіне жүктелген. «Сорос-Қазақстан» қорының құрамында шетелде оқуға қатысты кеңесшілдік орталық, демократиялық білім, ұлттық дебаттық, қазіргі заманғы өнер орталықтары жұмыс істейді. Қордың мақсаты Қазақстанда демократиялы ашық қоғамның дамуына жәрдемдесу болып табылады. Осы мақсатта «Сорос-Қазақстан» қоры білім беру, БАҚ, адам құқықтары, әйелдер бағдарламалары, қоғамдық салауаттылықты сақтау, әлеуметтік, құқықтық және экономикалық реформалар бағытында бастамалар мен бағдарламаларды жүзеге асырады.