Шаруашылық және биологиялық жағынан қасиеттері мен морфологиялық белгілері ұқсас, шығу тегі жағынан туыс, өз белгілерін тұқым қуалау арқылы келесі үрпақтарға беретін және белгілі бір ботаникалық таксондағы өсімдіктердің басқа топтарынан ең болмағанда бір белгісі бойынша ерекшеленетін бір дақылдың өсімдіктер тобы. Сорттың қорғалатын санаттары: клон, желі, бірінші ұрпақ буданы, жеке түр («Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 422 ҚРЗ 2-бап)