СОРТТАУ

lat: SORTTAÝ

Сортта етістігінің қимыл атауы. Биязы жүнді қой тұқымдары аралас болса, оларды қырыққанда жүнді с о р т т а у ы н а да көп еңбек жұмсалады (С.Омаров, Қой бағу.). Картопты қаздыру, ұраға құю, ұрықтық картоп с о р т т а у барлығы да оқушылардың мойнында (Н.Қазыбеков, Шалғай.). Ал кен өндіру кезінде рудаларды бірден с о р т т а у әлдеқайда арзанға түседі әрі оның пайдасы да көп (Т.Қалыбеков, Экология.).