қандай да бір әлеуметтік топқа (кәсіби, жас мөлшерлік, жіктік т.б.), микроәлеуметтік қауымдастыққа тән болып келетін тілдік ерекшеліктер жиынтығы. Социолект өз алдына жеке қарым-қатынас жүйесін құрай алмайды. Оған тек нақты лексикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктер тән. Социолектке жаргондар, арго, сленктер жатады. ХХ ғ. соңында жалпы қолданыстағы тілге түрлі социолектті енгізушілік көбейді. (мыс., В.Тучковтың «Танцор», «Танцор – 2», «Танцор – 3» шығармаларындағы көптеген компьютерлік жаргондарды (сленктер) айтуға болады).