СОСЛОВИЕ

lat: SOSLOVIE

дәстүрмен немесе заңмен бекітілген және мұрагерлік арқылы берілетін құқықтар мен міндеттері бар әлеуметтік топ. Бірнеше сословиелерден тұратын сословиелік ұйымға олардың жағдайындағы теңсіздік пен артықшылықтардан көрінетін сатылық тән. Сословиелік ұйымның классикалық үлгісі XIV-XV ғғ. феодалдық Францияда көрініс тапты, мұнда қоғам жоғары сословие (дворяндар және дін басылары) және артықшылықтары жоқ үшінші сословиеден (қолөнершілер, көпестер, шаруалар) тұрды. XVIII ғ. II жартысында Ресейде дворяндар, дінбасылары, шаруалар, көпестер мен мещандарға бөлінді. Капиталистік қатынастардың дамуына байланысты сословиелік қатынастар да жойыла бастайды, бірақ қазіргі заманда кейбір қоғамдарда сословиелік дәстүр сақталып отыр.