СОТ

lat: SOT

зат. 1 . заң. Азаматтық дау-дамайлар мен қылмыстық істерді қарайтын мемлекеттік заң орны және соны жүргізуші маман . Шешен әлі сөйлеуде ме? Әнші тұр ма ән салып? Сотта адвокат ақылы ісін, Қорғап тұр ма жан салып? (3,306). Сол ғой сенің заһар қайғың, зауалыңды зілдеген, Сондықтан да өзіңе-өзің өшіге кеп мінген ең. Қайырымсыз соттан қатал өзіңе айып ілген ең (5,67). 2 . ауыс. Біреуді айыптаушы, күнәлаушы адам. Өзі құдірет патша да, сот та болған адамға, Ешкім дағы таласа алмас ол әйелмен әмәнда, Құдірет сол құдайлардай өткен-өткен заманда (5,36). 3 . ауыс. Біреуге айып таққан іс-әрекет . Аспан мен Жер, уақыт, заман жайлы. Өзім жайлы, сен жайлы, анау жайлы, Бүгінгі ұрпақ, бүгінгі адам жайлы. Азды-көпті алдында айтылған сыр. Сотыңнан сенің сақтап қала алмайды (2,203).