[ор. суд] з а т. 1. қ ұ қ ы қ. Азаматтық дау-таластар жөнінде шешім қабылдайты және қылмысты істерді қарайтын мемлекеттік заң орны. Облыстық с о т т ы ң коллегиясы істі қарай келіп, халық с о т ы н ы ң соңғы үкімін өзгеріссіз, сол күйінде қалдырды (Ж.Алтайбаев, Сыпырғыш). – Кінәлі болсам ісімді с о т қ а беріңіз (Б.Қожабаев, Көктөбе). Қандай жұмысты қандай адам (тергеуші ме, би ме) қарайтынын білмейтін, өздері неше күндей кезек тимей сарғайған, елдері алыс, с о т маңайындағы ауылдарды қону-түстенумен әбден мезі қылып, жексұрын болған (М.Дулатов, Шығ.). 2. қ ұ қ ы қ. Заң орындарының мәжілістеріндегі қылмыстық істердің талқылануы. Ертеңінде с о т болды. Жиналғандар көп болды (С.Жүнісов, Өшп. іздер). Қоңырөзектің үстінде көп адам жиналған с о т болды (М.Дүзенов, Ақәже). 3. Азаматтық дау-таластар мен қылмысты істерді қарайтын мәжілістің ресми бастығы. – Сөз адвокатқа беріледі, – деді с о т (Б.Қожабаев, Көктөбе). – С о т келеді! Орындарыңнан тұрыңдар (Ө.Тұрманжанов, Адам.).