lat: SOT
ор. зат. 1. Азаматтық дауталастар жөнінде шешім қабылдайтын және қылмысты істерді қарайтын мемлекеттік заң орны.
Облыстың соттың коллегиясы істі қарай келіп, халық сотының соңғы үкімін өзгеріссіз, сол күйінде қалдырды (Ж. Алтайбаев, Сыпырғыш).
– Кінәлі болсам ісімді сотқа беріңіз (Б. Қожабаев, Көктөбе).
Жиналысқа тіккен үйдің біріне біз де келіп түстік. Қандай жұмысты қандай адам (тергеуші ме, би ме) қарайтынын білмейтін, өздері неше күндей кезек тимей сарғайған, елдері алыс, сот маңайындағы ауылдарды қону-түстенумен әбден мезі қылып, жексұрын болған (М.Дулатов, Шығ.)
Семейге сөйтіп барғанбыз,
Жүректі қанға малғанбыз,
Ұялмай сот боп отырдық,
Құр атаққа нанғанбыз. (Ш. Құдайбердиев, Шығ.).
Қостанай үйезінің крестьянский начальниктері сиезінде председатель Полубоярников 12 мың сомдай ақшаны жұмсап, жоқ қып жіберген соң, орнынан түсіріліп, сотқа берілген. Тағы да Орал облысында Гурьев үйезінің крестьянский начальниктері сиезінің председателі Игорин 30 мыңнан артық ақша жоқ қылып жібергені үшін орнынан түсіріліп, сотқа берілген (М.Дулатов, Шығ.).
Ол аузы алты қарыс Николайды да тақтан тайдырған заман ғой. Қазақ халқы да жоқ болып құрып қалмас. Көп кешікпей бұл бұзықтар қазақ сотының алдында жауап берер һәм тиісті жазасын тартар (М.Дулатов, Шығ.).
2. Заң орындарының мәжілістеріндегі қылмыстық істердің талқылануы.
Ертеңінде сот болды. Жиналғандар көп болды (С. Жүнісов, Өшп. іздер).
Қоңырөзектің үстінде көп адам жиналған сот болды (М. Дүзенов, Ақәже).
3. Азаматтық дауталастар мен қылмысты істерді қарайтын мәжілістің ресми бастығы.
– Сөз адвокатқа беріледі, – деді сот (Б. Қожабаев, Көктөбе).
– Сот келеді! Орындарыңнан тұрыңдар (Ө. Тұрманжанов, Адам.).
Партия – соры көп елдің, Айта алмай соны бөгелдім, Соттықты тастап жөнелдім, дедім де етек жабайын (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Қағысқанды қыламын под надзором, Патшаның мизамындай мен де сотпын. (М. Жұмабаев. Шығармалары. Алматы. “Білім”, 1996, 340 б.).