СОТ БИЛІГІ

lat: SOT BILİGİ

құқықтар мен заңдар ережелеріне сүйеніп әділеттілікті қамтамасыз ететін мемлекеттік органның билігі. Ол парламент немесе президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды, адамдардың құқықтарын қорғайды. Сот билігін халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы деп тапса, ол шешім толығымен күшін жояды.