е т. 1. Сот тәртібімен қылмысты адамды жазалау. Көп кешікпей оларды с о т т а п, Сібірге жүргізеді-міс деген хабар оған да келеді (I.Есенберлин, Қаһар). – Япырай, әйелді с о т т а д ы деген не масқара! (М.Дүзенов, Ақәже). Ертең күндіз Панковада фашистер 6 партизанды с о т т а м а қ (М.Ғабдуллин, Сұрапыл.). 2. а у ы с. Сөгу; сынау. Ізгілікке жасалған Алуан-алуан қадамдар бар. Өзін-өзі ақтауға Бейім жүрген адамдардан Қағас, қашық тұрсадағы даңққа Өз қылығын с о т т а й алар адамдар Пайдалырақ халыққа (М.Шаханов, Ғасырлар.). Жақтасаң да өзің біл, даттасаң да, С о т т а с а ң да еркің бар, ақтасаң да. Мен де жұмбақ адаммын, оны да ойла, Мыңмен жалғыз алысып жатпасам да (М. Мақатаев, Шығ.).