з а т. т а р. 1. КСРО мемлекеті мен өкімет органы. М.Әуезовтің, С.Мұқановтың, Ғ.Мұстафиннің, тағы басқаларының шығармалары бүкіл көп ұлтты с о в е т жұртшылығынан жақсы баға алғандығын айта аламыз (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.). Көп ұлтты с о в е т халқының ән-күйін шетел халықтарына таныстырудың беташары осы концерт болатын (С.Бегалин, Сахара.). Сарайға салтанатты салған төсек, Жайнатты көшелерге кілем төсеп. С о в е т т і ң қонақ күткен құрметіне, Счет қақпай, шұғыл оймен жетпейді есеп (О.Шипин, Дастан.). Совет Ұмытты бір сәт елін де, Қозғалды баяу ілгері... Басталды с о в е т жерінде Назымның жаңа күндері... ақынды (C.Жиенбаев, Алтын қалам). 2. Кеңес, коллегиялық орган. Қазіргі кезде халық шаруашылық с о в е т т е р і н д е, заводтар мен фабрикаларда өндірістік эстетика саласында қызмет істейтін ұйымдар, бөлімдер бар (Е.Байзақов, Еңбек.).