СПИНОР

lat: SPINOR

[ағыл. spin] з а т. м а т. Бір координаттар жүйесінен екінші координаттар жүйесіне ауысқан кезде түрлендірудің ерекше қасиетімен сипатталатын математикалық шама. С п и н о р кванттық механиканың әртүрлі мәселелерінде, топтардың көрініс теориясында, топологияда т.б. қолданылады (ҚҰЭ). Ғылымда с п и н о р ұғымы 20 ғасырдың басында екі бағытта (электрон спинін зерттеу және топтардың математикалық көрініс теориясын жасау кезінде) жүргізілген зерттеулердің 1929 ж., голлоанд математигі Б. Ван Дер Варден және 1913 ж., француз ғалымы Э.Картон (18969– 1951) нәтижесінде пайда болды (ҚҰЭ).