[грек. schema] з а т. 1. Бір заттың ішкі-сыртқы құрылысын, оның бөліктерін бейнелейтін сызықтар, сұлба. Одан әрі Рахимов с х е м а сызу бойынша өз пікірін айта берді (Б.Момышұлы, Москва.). Егер мүмкіншілік болса, қой қырқылатын жерді 209 бетте көрсетілген с х е м а бойынша дайындау абзал болар еді (Шопан серігі). 2. Белгілі бір заттың ең негізгі белгілерін көрсететін жоба, үлгі. Рактың алдын алу шараларының с х е м а с ы н Н.Н.Петров өз еңбектерінде жасап берді (М.Қайрақбаев, Рактан. сақтан.). Бұдан біз Евклид геометрияны Аристотельдің логикалық с х е м а с ы бойынша құрғанын байқаймыз (О.Жәутіков, Математика.). 3. и н ф. Қандай да бір нысан құрылымының шартты символдар мен графиктік кескіні.