[грек. stadion] з а т. Көруші әуесқойлар отыратын орындары бар, спорт жарысын өткізуге лайықталып жабдықталған алаң. С т а д и о н – жеңіл атлетика мен футболға арналған спорт аренасы, көрермендерге арналған трибунасы, спорттық ойындар мен гимнастика үшін алаңдары, қосымша құрылыстары мен ғимараттары бар кешенді спорт құрылысы (ҚҰЭ). С т а д и о н ортасында боксшылар жарысы өтіп жатыр (С.Бақбергенов, Өз жігіт.).