СТАНДАРТ

lat: STANDART

[ағыл. standard] з а т. 1. Басқа ұқсас нысандарды, заттарды салыстыру үшін бастапқы үлгі ретінде қабылданатын үлгі, эталон, модель. Машина жасау өнеркәсібінің өнімдеріне мемлекеттік жаңа с т а н д а р т белгіленеді («Лен. жас»). С т а н д а р т бойынша түйе жүнін төрт түрлі класқа бөледі: биязы, қылшықты, шуда және жабағы (И.Жұмағұлов, Түйе өсіру). 2. Тиісті ұйымдар ресми құжат ретінде қабылдаған технологиялық үдерістер мен өнімдерге қойылатын талаптар мен ережелерді реттейтін нормативтіктехникалық құжат. С т а н д а р т құзыреті орган қабылдаған, шама өлшемін, терминдерді және олардың анықтамасын, өнімге және өндіріс үдерістеріне қойылатын талаптарды, адамдардың қауіпсіздігін, материалдық құндылықтардың сақталуын т.б. айқындайтын нормативтік анықтамалық құжат (ҚҰЭ).