Стандартта етістігінің қимыл атауы; шикізатқа, дүмбілдерге, материалдарға, өндірістік үдеріске, тауарларға және т.б. мемлекет ауқымында, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберінде бірегей нормалар мен арнаулы талаптар белгілеу. С т а н д а р т т а у жөніндегі жетінші сессия ашылды («Соц. Қаз.»). С т а н д а р т т а у д ы ң басты міндеті – шаруашылық қарым-қатынастардың, тұрғындардың, қорғаныстың, экспорттың мұқтажы үшін әзірленетін өнімдерге, оны жасауға, өндіруге және қолдануға қойылатын прогрессивтік талаптарды айқындайтын нормативтік-техникалық жүйені жасау, сондай-ақ оны пайдаланудың дұрыс-бұрыстығына бақылау орнату (Заңи термин. түсінд. сөздігі).