СТАНДАРТТАУ

lat: STANDARTTAÝ

мыналарды қамтамасыз ету мақсатындағы норма, ереже және мінездемені анықтау амалдары: өнімнің, қоршаған орта үшін жасалатын жұмыстар мен қызмет етудің, өмірдің, денсаулықтың және мүліктің қауіпсіздігі; техникалық және ақпараттық сәйкестік, сондай-ақ өнімнің өзара ауысуы; ғылым, техника және технология деңгейінің дамуына сәйкес өнім, жұмыс және қызмет көрсетудің сапасы; қордың барлық түрінің үнемделуі; табиғи және техногенді апаттардың және төтенше жағдай болу қаупін есепке алғандағы шаруашылық нысандарының қауіпсіздігі; елдің қорғаныс қабілеттілігі мен мобилизациялық дайындығы.