з а т. Металдан, ағаштан және т. б. заттан түрлі бұйым жасайтын, өңдейтін мәшине. Ағаш шеберлері тез, қысқы, үскі қашау, с т а н о к сияқты аспаптарды пайдаланады (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). Қопару скважиналар с т а н о к т а р м е н бұрғыланады. Оларды қирату қуатының әсер ету сипатына қарай: механикалық әсер ету, термиялық әсер ету және құрама әсер ету станоктары деп үш класқа бөлуге болады (Т.Қалыбеков, Экология.). Жиырма бес – с т а н о к т а р д ы ң Зырылдап жатқан ұршығы, Бәйгеге қосқан аттардың Тұяқтарының дүрсілі (Т. Айбергенов, Мен саған.).