СТАНЦИЯ

lat: STANSIaÁ

[лат. statio] з а т. Стансы. 1. Теміржол мен тағы басқа жол қатынастарының бойындағы жолаушылар тоқтайтын бекет. Екеуінің бірі жоқ, Қалың қайғы, ойға тоқ...Қайран ел тозып жүр ме екен? Кемпір, шал, бала, азамат С т а н ц и я біткенді аралап, Көзін сүзіп жүр ме екен? (М.Жұмабаев, Шығ.). Поезд үстінде келе жатқан азаматтарды қарсы алу үшін, с т а н ц и я ғ а шұбады жұрт (М.Мырзақұлов, Ақын). 2. Белгілі бір аймаққа қызмет істейтін қатынасы бар мекеме, кәсіпорын. Озерная машина-трактор с т а н ц и я л а р ы ұйымдастырылдыаңарған өлке). Хабарымен Әлидің Орынборға жақындап, С т а н ц и я ғ а келген соң, Қалаға кірді таңертең (О.Шипин, Дастан.).